Садақ қабымен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Адырна - дәстүрлі қазақ қол қаруы. Садақтың басы мен иіні жалпақ, белі жұмыр ағаштан құрастырылып, сырты былғары және жібек жіппен оралған. Бас пен иіннің түйіскен жеріне «тобыршақ» деп аталатын ағаш тиек орнатылған. Екі басындағы керітпек арқылы тарамыстан жасалған керме жіп тартылып, жібек жіппен бекітілген. Қабы қалың матамен қапталып, қазақы ою-өрнекпен безендірілген.
Мерзімделу кезеңі:
2013 ж.
Материал:
Ағаш, Синтетикалық былғары
Техника:
Тігу
Өлшемі:
ұз. - 156,5 см; ені-21 см.
Санат:
Қару-жарақ