Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түкті кілем. Көліне үш қатар етіп аттабан өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Аттабан өрнегінің іші ақ, қызыл түсті төрт бөлікке бөлініп, ортасына төртбұрыш салынған. Аралықтарына шаршы өрнегі өрнектелген. Жиегіне керегекөз өрнегінен үш қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына ақ, қызыл түсті зооморфты өрнек алма кезек айнала тізбектелген. Кілемнің екі шетіндегі жалпақ жолаққа ақ, қара түсті тістішаршы өрнегі теріле, түксіз аяқталып, желі жібінен шашақ шығарылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
158х108 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары