Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Түкті кілем. Көліне бес қатар етіп көп түсті аттабан өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Аттабан өрнегінің іші көп түсті (қызыл, ақ, сарғыш, қоңыр, көк) төрт бөлікке бөлініп, ішіне шаршы және ботакөз өрнектері салынған. Аралықтарына жұлдыз өрнектері өрнектелген. Кілемнің жиегіне шаршы өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына көп түсті айшық өрнегі айнала тізбектелген. Кілемнің ұзына бойы екі кенересі көп түсті жіптен түксіз тоқылған. Екі шетіне ақ, қызыл, қоңыр түсті жіңішке жолақтар
жүргізіле, жалпақ етіп түксіз тоқылып, желі жібінен шашақ шығарылған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ. 1-жартысы.
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Өлшемі: 160х335 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top