Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» мерейтойлық медалі. И.Е. Смоленскийге берілген. Жезден жасалған, алтын түсті, диаметрі 37 мм дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде қызыл эмальмен қапталған бесбұрышты жұлдыз, ортасында Кеңес Армиясының екі жауынгерінің бедерлі бейнесі және «1918», «1968» даталары орналасқан. Жұлдыз лавр-емен гүлдестесімен қоршалған. Артқы бетінде балға мен соқасы бар жұлдыз және «ПЯТЬДЕСЯТ ЛЕТ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР» жазуы бейнеленген. Барлық элементтері бедерлі, ернеумен жиектелген. Медаль көгілдір түсті жібек муар лентаға бекітілген.

Мерзімделу кезеңі: 1967 ж.
Материал: Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d - 32 мм, 8,4 × 4,6 см.
Санат: Металл
Scroll to Top