Ауыл шаруашылық артелінің үлгі жарғысы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Ауыл шаруашылық артелінің үлгі жарғысы» - ауыл шаруашылығы артелінің қызметін реттейтін ресми құжат. Құжат қағаз негізінде баспа әдісімен дайындалған. Мұқабасының жоғарғы бөлігінде «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран жазылған. Ортасында қазақ және орыс тілдеріндегі «Ауыл шаруашылық артелінің үлгі уставы» деген атауы орналасқан. Төменгі бөлігінде құжатты шығарған мекеме туралы мәліметтер және «Басқарушы облыстық жер бөлімі, Шымкент, 1935» деген жазу бар. Дүйсембек Бекембаевқа берілген.
Мерзімделу кезеңі:
1935 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
11,3 х 14,7 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)