Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тоға

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құрамалы белдік тоғасы. Томпақ, бадам пішінді. Тоғаның үстіңгі беті үш қатарға дәнекерленген арқарлар мүсіншелерімен әсемделген. Жоғарғы, бірінші қатарда 4, екіншіде 7, үшіншіде 5 арқар мүсіншесі бар. Жоғарғы қатардың бір жағында және 2, 3 қатарлардың арасына арқардың басы бірден дәнекерленген бұлар шауып бара жатқан аңдар қатарының шексіздігін бейнелейтін сияқты. Арқарлардың аяқтары бүгілген, денесінде жарқырауық тастар қондырылатын үтір тәрізді ойық ұяшықтар бар. Пішіндердің арасы жиі түйіршіктермен толтырылған. Тоғаның астыңғы бөлігіне түйіршіктермен көмкерілген белбеу өткізілетін ұяшықты тік төрт тілік дәнекерленген. Бұларға қосымша тікбұрышты жұқа көлденең тілік дәнекерленген. Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа, 1988 ж.

Мерзімделу кезеңі: Б.з.д. VIII -VII ғғ.
Материал: Алтын
Техника: Дәнекерлеу, Зерлеу, сіркелеу, Инкрустация, Құю
Өлшемі: ұзындығы - 6,5 см, ені -3,4-1,8 см, биіктігі -1,6-1,3 см. Сынама - 900.
Санат: Археология, Бағалы металл (алтын)
Scroll to Top