«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалі - Кеңес Одағының Қарулы Күштерінің құрылғанына 70 жыл толуына орай тағайындалған естелік мемлекеттік награда. Медаль бейбіт кезеңде де, әскери қызметте де Отанды қорғауға, әскери борышын адал атқаруға және Қарулы Күштердің нығаюына үлес қосқан әскери қызметшілер мен ардагерлерге берілген.
Бұл медаль иесінің әскери қызмет жолындағы еңбегін, ерлігін және Отанға деген адалдығын айғақтайды. Медаль Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдрахман Шалабаевқа берілген.
Материалы: металл
Өлшемдері: диаметрі - 3,2 см; ұзындығы - 8,5 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Жарамды