Қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қапсырма - камзол, кәжекей, кеудеше тәрізді әйелдердің сыртқы киімінің екі өңірін бір біріне қаусырып тұратын күміс әшекей. Оның астыңғы бетіне киімнің екі өңірін бір біріне бекітетін ілгек орнатылады. Қапсырма сөзі қаусыру сөзінен туындаса керек. Оны қазақ зергерлері қыз келіншектер киімін сәндеу үшін жасаған. Қапсырма ілмек сақина сияқты екі бөлшектен тұрады.
Мерзімі: XIX-XX ғ.
Материалы: Металл.
Техникасы: Күмістен соғу, құю, ою-өрнек салу.
Өлшемі: D - 5cм.
Қол еңбегі.
Материал:
Металл
Санат:
Бағалы металдар (күміс)