Тұғыр
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бүркіт отыратын құрылғы. Текше табанды тұғырдың бүркіттің тұяғы білемдей ұстап, таймай отыратын кемері болады. Құс отыратын құс басар деп те атайды. Қарағай , терек, самырсын сияқты ағаштардың үш ашалы бұтағынан немесе тамырлы түбірінен шауып жасалған тұғыр мықты болады. Орнықты тұғырдка бүркіт мойнын қайырып отырып, екі аяғын кезекпен ішіне тартып көтеріп, сыңар аяқпен ұйықтайды. Кемердің төменгі бөлігінде темірмен бекітілген сақинасы бар.
Мерзімі: XIX-XX ғ.
Материалы: Ағаш.
Техникасы: ағаштан ойып жасау, тамыр немесе бұтақ бөлігін пайдалану, темірмен бекіту.
Өлшемі: Биіктігі 52 см.
Қол еңбегі.
Санат:
Ағаш
Материал:
Ағаш
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Жарамды