Ұлттық әйелдер киімі - «Камажай» костюмі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Камажай» әйелдер костюмі қазақтың ұлттық киім дәстүріне негізделген үш бөліктен тұратын жинақ болып табылады. Комплект құрамына ақ түсті «камажай» көйлегі, бордовый түсті жакет және тақия кіреді. Жакет ұлттық нақыштағы өрнектермен алтын түсті жіп арқылы безендірілген. Тақияның сәндік көркемделуінде моншақтар қолданылған. Киім үлгісінде дәстүрлі ұлттық сәндік элементтер заманауи фабрикалық тігін өндірісімен ұштастырылған. Костюм 1990 жылы фабрикалық тәсілмен дайындалған.
Мерзімі: 1990 ж.
Материалы: Мата, сәндік моншақтар, алтын түсті жіп
Техникасы: Фабрикалық өндіріс
Өлшемі: 46
Мерзімделу кезеңі:
1990
Материал:
Мата
Техника:
Тігу
Өлшемі:
Размер: 46
Санат:
Этнография