Шаттауық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шаттауық - тұрмыста қолданылатын темірден жасалатын бұйым. Шаттауықты халық арасында әшкір, көсеу, шымшуыр деп те атайды. Шаттауықты жанып жатқан отты көсеуге, шоқ салуға пайдаланған. Маңғыстау өңірінде ХХ ғ. соңына дейін кеңінен қолданыста болды кейін тұрғындар ілеспе газ қолдануға толықтай көшкеннен кейін шаттауық қолданыстан шығып қалды. Бұл құрал 18 мм ені бар темір жолақтан жасалған. Ұзындығы 650 мм, қолмен соғу әдісімен өңделіп, ортасынан екіге бөлінген. Қысқаш серпінді келеді, ұштары жоғары қарай сүйірленіп дөңгелене жасалған - бұл оны қолдануға ыңғайлы етеді.
Бұл құрал 18 мм ені бар темір жолақтан жасалған. Ұзындығы 650 мм, қолмен соғу әдісімен өңделіп, ортасынан екіге бүктелген. Қысқаш серпінді келеді, ұштары жоғары қарай сүйірленіп дөңгелене жасалған - бұл оны қолдануға ыңғайлы етеді.
Мерзімі: ХХ ғасырдың ортасы.
Материалы: Темір.
Техникасы: Соғу, қолмен металды өңдеу, ию.
Өлшемі : Ұзындығы - 650 мм; жолақ ені - 18 мм.
Сақталу жағдайы
жарамды