Алаша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Алаша - қазақ халқының дәстүрлі түксіз тоқылған кілемдерінің бірі. Бұл бұйымды Тымғариева Мәджен қол тоқыма станогында жүн жіптен тоқып жасаған. Кілемнің беті сары, қара және қызыл түсті жолақтармен және ұлттық геометриялық өрнектермен безендірілген. Алаша киіз үй мен тұрғын үйдің еденіне төселіп, қабырғаға ілінген және үй ішін сәндеуге пайдаланылған. Сонымен қатар ол жылуды сақтап, тұрмыстық қажеттілікті өтеген. Экспонат қазақ халқының дәстүрлі тоқымашылық өнерін, ұлттық ою-өрнек мәдениетін және қолөнер шеберлігін танытатын құнды этнографиялық мұра болып табылады.
Мерзімі: 1987 ж.
Материалы: Жүн жіп.
Техникасы: Қолмен тоқу (қол тоқыма станогында).
Өлшемі: 3,00 × 1,73 м.
Мерзімделу кезеңі:
1987
Материал:
Жіп
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
3,00 × 1,73 м
Санат:
Этнография