Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мылтық

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мылтық - ТОЗ маркалы, 1853-1854 жылдары жасалған. Бұл - шомпылды, яғни ұңғыдан оқталатын, бір ауызды мылтық. Ұңғысының диаметрі - 20 мм, іші тегіс, нарезсыз. Ұңғы ағаштан қолдан жасалған прикладқа бір болтпен және үш мыс сақинамен бекітілген, екі ұшында лушкалары (ілгектері) бар. Шүріппе механизмі «собачка» типінде, металлдан жасалған, прикладтың ішіне үш болт-бұрандамен бекітіледі. Прикладтың артқы бөлігін қаптап тұрған пластина да мыс материалдан жасалып, әрқайсысы екі болтпен бекітілген.
Шүріппенің қорғаныш қақпағында және ұңғыны бекітетін екінші сақинада - теріден жасалған белдік ілгіштерге арналған шығыршықтар орнатылған.
Осындай үлгідегі мылтықтар 19 ғасырдың ортасы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясы армиясының негізгі қаруы ретінде қолданылған.

Мерзімі: 1853-1854 жж.
Материалы: Темір, ағаш, мыс.
Техникасы: Соғу, құю, слесарлық және ағаш өңдеу, құрастыру.
Өлшемі: Ұзындығы - 135 см

Санат: Қару-жарақ
Материал: Ағаш, Темір
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Жарамды

Scroll to Top