Майлан Бекеновке тиесілі мүшелік билеті № 25131
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат қою қызыл түсті қатты мұқабалы кітапша түрінде орындалған мүшелік билеттен және 1955 жылға арналған бақылау карточкасынан тұрады. Сол жақ бетінде «НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБЩЕСТВО НЕФТЯНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ» деген атау және № 25131 мүшелік билет нөмірі типографиялық тәсілмен басылған. Қолмен толтырылған мәліметтерде иесінің тегі - Бекенов, аты мен әкесінің аты - Майлан, қоғамға кірген жылы - 1955 деп көрсетілген. Құжатта мүшенің қолы, қоғам басқармасы төрағасының қолы және ресми мөр бар. Оң жақ бетіне № 254363 бақылау карточкасы орналастырылған. Құжат Майлан Бекеновтің мұнай өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық қоғамдық қызметін сипаттайтын тарихи-деректік жәдігер болып табылады.
Мерзімі: 1955 ж.
Материалдары: Қағаз, картон, коленкор, сия, типографиялық бояу
Техникасы: Типографиялық баспа, қолмен толтыру, мөр басу, түптеу
Өлшемі: 7,5 × 10 см