Майлан Бекеновке тиесілі «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль бесбұрышты колодкаға бекітілген. Аверсінің ортасында Кеңес Одағының Маршалы әскери киіміндегі И. В. Сталиннің кеуде тұсынан профильдік бейнесі орналасқан. Жиегінде «НАШЕ ДЕЛО ПРАВОЕ» және «МЫ ПОБЕДИЛИ» деген рельефті жазулар бар. Реверсінде «ЗА ДОБЛЕСТНЫЙ ТРУД» деген екі жолды жазу, оның үстінде орақ пен балға, төменгі бөлігінде бесбұрышты жұлдызша бейнеленген. Медаль қызыл түсті жібек муар таспамен қапталған колодкаға құлақша мен сақина арқылы жалғанған. Таспада сары түсті бойлық жолақтар бар. Экспонат Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің үлесін және Майлан Бекеновтің еңбек жолын сипаттайтын мемориалдық жәдігер болып табылады.
Мерзімі: 1945 ж.
Материалдары: Металл, жібек муар таспасы
Техникасы: Штамптау, бедерлеу, жинақтау
Өлшемі: Медаль диаметрі - 32 мм; колодкамен бірге - 4 × 9,5 см