Сауыт
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жауынгерді шабу соққыларынан қорғайтын темір сауыт. Ол бір-бірімен өзара байланыстырылған ұсақ шынжыр секілді жалғанған темір шығыршықтардан (сақиналардан) тұрады. Сақиналар бір-біріне тығыз жалғанып, кеудені, иық пен арқаны толықтай жабатындай тоқылған. Бұл торлы сауыт жауынгердің жеңіл қозғалуына мүмкіндік береді, оқ пен соққыдан қорғайды. Сауыттың формасы - тік төртбұрыш, жең ұзындығы - 21 см. Мойын ойығының диаметрі - 26 см. Мұндай сауыттар Маңғыстау аймағында ХІХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін қолданылған.
Мерзімі: ХІХ ғ. І жартысы
Материалы: темір
Өлшемі: 65 x 29 см
Санат:
Металл
Материал:
Темір
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
тот басқан,шеттері азадп зақымданған