Домбыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Домбыра - қазақтың ұлттық қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспабы. Перне тақтасында 13 байланған перне және ішектердің керілуін реттейтін 2 тұтқа (құлақ) бар. Ішектер жануарлардың сіңірінен жасалған.Аспаптың негізгі бөлігі біртұтас ағаштан ойылып жасалып, үсті дыбыстың жақсы шығуы үшін дөңгелек ойығы бар ағаш тақтамен жабылған. Түбіне, жиектеріне және мойын жалғасатын жеріне бесбұрышты жұлдыздар мен ұсақ оюлармен өрнектелген ақ түсті металдан жасалған тақташалармен сәндік өрнек жүргізілген.
Мерзімі: ХХ ғ. басы.
Материалы: металл, ағаш
Өлшемі: 95 х 20 см
Санат:
Ағаш
Материал:
Ағаш, Металл
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Жарамды