50 копеек күміс монета
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1897 жылғы 50 копеек күміс монетасы Ресей империясының соңғы императоры Николай II тұсында шығарылған.Аверсінде Николай II-нің профильдік бейнесі орналасқан, айналасында «Б.М. Николай II Император и Самодержец Всероссийский» деген жазу бар. Реверсінде Ресей империясының 5- ші үлгідегі гербі бейнеленген, төменгі бөлігінде «50 копеек 1897 г.» деген номинал мен жыл көрсетілген. уртында «Чистого серебра 2 золотника 10,5 долей» деген жазу және монета сарайының белгісі - жұлдызша (*) бар, бұл Париж монеталық сарайын білдіреді. Монетаның қыры (гурты) тозғандықтан немесе қолданылу салдарынан анық байқалмайды. Монетаның үстіне ілмек пішінді металл бөлшек дәнекерленген, сондықтан ол түйме ретінде пайдаланылған.
Мерзімі: 1897 ж.
Материалы: Күміс.
Техникасы: Соғу (чеканка).
Өлшемі: d - 27 мм.
Сақталу жағдайы
жарамды