Күміс монета один полтинник
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1924 жылғы күміс полтинник - Кеңес Одағының алғашқы ақшаларының бірі. Монетаның Аверсінде КСРО елтаңбасы, айналасында «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» деген ұран және «Один полтинник» деген жазу бейнеленген.
Реверсінде қолына балға ұстаған жұмысшының бейнесі орналасқан, төменгі бөлігінде «1924» соғылған жылы көрсетілген.
Гуртында «Чистого серебра 9 грамм (2 зол. 10,5 долей) П.Л.» деген жазу бар. Мұндағы «П.Л.» - Петроград монета сарайының минцмейстері Петр Латышевтің инициалдары.
Монетаның реверсіне ілмек дәнекерленген, осыған байланысты ол түйме ретінде пайдаланылған.
Мерзімі: 1924 ж.
Материалы: Күміс.
Техникасы: Соғу (чеканка).
Өлшемі: d - 27 мм.
Санат:
Бағалы металдар (күміс)
Материал:
Күміс
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Монетаның реверсі пайка арқылы бекітілген.