Шойын үтік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шойын үтік. Үтіктің пішіні үшбұрышты. Ернеулері дөңес болып келген. Үшбұрыштың табаны 10×9 см, үтіктің табанының ұзындығы - 20 см. Үтіктің корпусы ішінде қуыс. Үтіктің жоғарғы бөлігі ашылатын қақпақ түрінде, корпустың өткір бұрышындағы бүйір жағындағы ілгегі арқылы төменгі бөлікке бекітіледі. Қақпақтың төменгі жиегі дөңгелек тістерімен әшекейленген. Үтіктің корпусының табанынан 1,5 см қашықтықта сегмент тәріздес (ұзындығы - 4 см, биіктігі 0,5 см-ге дейін) тесіктер орналасқан: әр екі жағында екіден, артқы қабырғасында біреу. Үтіктің тұтқасы ағаштан жасалған, биіктігі - 7 см темір аяқшаларға бекітілген. Қақпақтың ішкі бетінде зауыттық мөр бар: ашық сақина түрінде (диаметрі - 4,5 см) «УМЗ. Касимов» деген жазу бар. Ішкі корпусында параллель жолақтармен бедерленген (домалақ) табан және тесіктер жақта сегмент тәріздес дөңгеленген бөлік бар (ұзындығы 6 см, биіктігі 3 см дейін). Бір бүйір қабырғасында 2 см диаметрлі кішкентай дөңгелек белгі және сан бар.
Мерзімі: ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басы.
Материалы: ағаш, темір
Өлшемі: 20 х 9 см
Сақталу жағдайы
Тот басқан, лас, тұтқасының шеттері ұсақ сынықтар бар.