Жүннен жасалған сәндік панно
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Құлсары балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімінің мұғалімі Нұргүл Елтезерованың жұмсақ жүннен қолмен орындаған сәндік панносы. Композицияда таулы-табиғи көрініс, киіз үйлер, өсімдік бейнелері және ұлттық ою-өрнек элементтері шартты түрде бейнеленген. Түрлі түсті жүн талшықтары арқылы бедерлі әрі көркем фактура жасалған. Панноның төменгі және бүйір бөліктері шашақтармен безендірілген. Туынды дәстүрлі қазақ мәдениетінің бейнелік элементтерін заманауи қолөнер тәсілдерімен ұштастырып, жүн материалын көркемдік мақсатта пайдалану ерекшеліктерін көрсетеді.
Мерзімі: 2018 ж.
Материалы: Жүн
Техникасы: Қол жұмысы, жүнмен бейнелеу
Өлшемі: 52 × 75 см
Мерзімделу кезеңі:
2018
Материал:
Жүн
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
52 х 75 см
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары