Гармоника «HOHNER»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Музыкалық аспап ХХ ғасырдың орта кезеңіне тән үлгіде жасалған. Корпусы ағаш негізінде құрастырылып, сырты сұрғылт-мәрмәр түстес өрнекті қаптамамен қапталған.
Орталық бөлігінде қатпарлы мех орналасқан, ол аспаптың дыбыс шығаруына қажетті ауа ағынын қамтамасыз етеді. Оң және сол жақ қапталдарында дөңгелек батырмалар орналасқан: бір жағында бас батырмалар, екінші жағында әуен орындауға арналған батырмалар бар.
Бүйірінде аспапты иыққа асып немесе қолмен ұстап ойнауға арналған белдік бекітілген.
Материал:
Пластмасса
Техника:
Басқа
Тақырып:
Музыкалық аспаптар
Сақталу жағдайы
Қолдану іздерімен