№ 17852184 кәсіподақ билеті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«КСРО кәсіптік одақтары» үлгісіндегі кәсіподақ билеті кітапша түрінде жасалған. Мұқабасы мен ішкі беттері типографиялық әдіспен безендірілген, КСРО рәміздері бейнеленген. Ішкі беттерінде Сыдықов Қабибулла туралы баспа және қолжазба мәліметтер берілген: тегі, аты, туған жылы, мамандығы, кәсіподаққа қабылданған жылы. Құжатта жауапты тұлғалардың қолдары мен мөрлері қойылған. Билет жеке нөмірмен белгіленген - 17852184. Беттерінде орыс және қазақ тілдеріндегі жазбалар кездеседі.
Мерзімделу кезеңі:
1969 жыл
Материал:
Қағаз
Техника:
Аралас техника, Типографиялық баспа
Өлшемі:
8 х 11,5 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)