Үтік (электрлік үтік)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат Сағынбай Бектілеуовтың тұрмысында пайдаланылған электрлік үтік болып табылады. Бұйымның корпусында «Уральский механический завод», «УТА 750-1,6», «ГОСТ 307-69» деген зауыттық таңбалар бар. Үтік кеңестік кезеңдегі тұрмыстық электр аспаптарына тән пішінде жасалған: тұмсығы сүйірленген, артқы бөлігі қиғашталған. Металл корпусына қара түсті термотөзімді пластик иінтірек тәрізді тұтқа бекітілген. Төменгі бөлігінде металл табаны орналасқан, электр сымы мен штепсельдік айыр сақталған. Экспонат 1970-жылдардағы тұрмыстық техниканың үлгісі ретінде тарихи-тұрмыстық және мемориалдық маңызға ие.
Мерзімі: 1975 жыл
Материалы: Металл, пластик, электр сымы, штепсельдік айыр
Техникасы: Зауыттық өндіріс, қалыптау, құрастыру
Өлшемі: Ұзындығы - 21 см; ені - 12,5 см; биіктігі - 13 см