Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Археология

Сулық

Сулық. Доға пішінді, бір ұшы сүйір, жуандау бөлігінде үш саңылау-тесігі бар, беті жылтыратылған. Қарасай обасы, қабір 1, Солтүстік Қазақстан.

Жебе

Жебе. Екі қанатты ромб тәрізді, төлкесі ішкері — жасырын. Төлкесінің орта тұсында дөңгелек саңылау-тесік бар. Қарасай обасы, қабір 1, Солтүстік

Жебе ұшы

Жебе. Үш қанатты, екі қанаты жіңішкелеу, тілдерінің ұшы доғал, қалемшесі тікбұрышыты, ұшына қарай сүйірленген. Қарасай обасы, қабір 1, Солтүстік Қазақстан.

Жебе ұшы

Жебе. Үш қанатты, тілдері тік, қалемшесі төрт қырлы. Қарасай обасы, қабір 1, Солтүстік Қазақстан.

Жебе ұшы

Жебе. Үш қанатты, ұшына қарай сүйірленген, қалемшесіне ұзын, қайыс, таспа-жіп оралған. Қарасай обасы, қабір 1, Солтүстік Қазақстан.

Ауыздық

Ауыздық. Екі буынды, доғалдау, екі буыны шығыршық ілмектермен жалғасқан, жылжымалы. Буындардың екінші ұшы жоғарғы жақтарында қосымша екі дөңгелек саңылау тесігі

Қапсырма

Бүйірлерінде орналасқан, дөңгеленген бұрыштарды құрайтын бес шығыңқы жапырақша пішінді қапсырма. Беті тотыққан. Артқы жағында екі ілмегі бар.

Акуланың тістері

Акуланың тістері-бұл конус тәрізді,берік, әрі өткір түзілімдер,олардың сыртқы беті эмальды. Құлсары қаласынан 60 км қашықтықта орналасқан Ақкерегешың үстіртінен табылған.

Сынапкөзе

Сұр саз балшықтан жасалған сынапкөзе. Қалың қабырғалы ыдыс, мойыны аласа, аузы өте тар, ернеуі дөңес көмкерілген. Денесі шар тәрізді, түбі

Сынапкөзе

Ашық қызыл саздан жасалған сынапкөзе. Қалың қабырғалы ыдыс, мойыны аласа, аузы өте тар, ернеуі валикпен көмкерілген. Шар тәрізді, түбі сүйір

Scroll to Top