Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өрмек тоқу

Жіптерді өру арқылы мата жасау

Қоржын

Қоржын -екі бөліктен тұратын қазақы ою салынған сөмке түрі, түрлі түсті жіппен тоқылған, астары қызыл түсті. Б.Кенжегалиевадан сатып алынған, 1971ж.

Сырмақ

Сырмақ — ақ киізден жасалған, бетіне мақпал матадан қошқар мүйіз ою-өрнегін салып тіккен, жиектелмеген.

Текемет

Текемет – қара түсті жүннен басылған киіздің бетіне түрлі –түсті матадан қошқар мүйіз тәрізді ою түскен.

Сырмақ

Сырмақ – қоңыр түсті жүннен басылған, бетіне ақ киізден мүйіз тәрізді ою басылып тігілген.

Қоржын

Заттарды тасымалдауға арналған жүк сөмкесі — қоржын XX ғасырдың басы.

Басқұр

Ұлттық ою-өрнек салып жүн жіптен тоқыған. Киіз үйдің қабырғаларын безендіру үшін қолданылған.

Сырмақ үлгісі

Қоңыр жүннен басылған киіз бетіне ақ жүннен мүйіз тәрізді ою басқан.

Текемет

Текемет – ақ түсті жүннен басылған киіз. Бетіне қызыл, жасыл түске боялған киізден басып өю түскен.

Тікпе текемет

1968 жылы Аниятова Қарылға Әбутәліпқызына қыз жасауына келген. Қарлыға тұрмысқа шықпай тұрғанда өзі тоқыған.

Сырмақ

Сырмақ – қоңыр түсті жүннен басылып, бетіне әр түрлі матадан мүйіз оюды матадан тігіп, сары түсті жіппен жиектері көмкерілген.

Scroll to Top