Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қалыптау

Бұйымды штамп арқылы қалыптау

Күмбез тәрізді түйме

Шар пішінді түйменің іші қуыс. Жоғарғы бөлігінен мойын шығарылып, төменгі бөлігі пирамида тәрізді әшекейге бекітілген. Түйменің сырты тұмарша өрнегімен бедерленген.

Белдік

Қызыл түсті барқыттан тігілген әйел адамның деңмент белдігі. Бетіне он екі гүл тәрізді және бес сопақша әшекей қондырылған. Екі шетінде

Шығыр

Шығыр пішіні жұмыртқа тәріздес, бүйірі күмпиген, түбі жалпақ, ернеуі сынған. Егін, мал шаруашылығында пайдаланылған. Табылған орны: ОЕАЭ, Сарайшық, 1976 ж

Күмістелген қамшы

Қамшы былғарыдан өрім өріліп, сабы тобылғыдан жасалып қара ала бедерлі және сіркелеу өрнектері бар күміс пластинкамен қапталған. Күміс пластинкаға «1945»

Күміс белбеу

Былғары күміс белдік отыз бес жапсырмамен сәнделген. Беті тік бұрышты, ирек және дөнес өрнектермен әшекейленген. Екі ұшы қапсырма арқылы түйіседі.

Қола ыдыс

Ыдыс дөңгелек пішінді. Сыртына өсімдік тектес өрнектер салынып безендірілген. Ыдыстың іші тегіс, сұр түсті. Сырты никельмен өңделген, сарғыш-қоңыр түсті.

Орден. №38326

Күйші-сазгер, Қазақ КСР-інің халық әртісі Дина Нұрпейісоваға берілген «Еңбек Қызыл Ту» ордені. Жоғарғы бөлігі көгілдір түсті шеттерінде көк жолағы бар

Өңіржиек

Өңіржиек шағын және үлкен екі тұмарша, бір төрт бұрышты таспа, жеті салпыншақтан тұрады. Таспа алақандарының ортасына қас орнатылып, көз қондырылған.

Жез самаурын

Бүйірі шығыңқы шоқ самаурын. Ішінде шоқ салатын құбыры, бетінде шәй демдейтін шәйнек қоятын қақпағы бар. Екі жақ бүйірінде ұстайтын құлағы,

Scroll to Top