Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жүн

Текемет

Текемет – ақ түсті жүннен басылған киіз. Бетіне қызыл, жасыл түске боялған киізден басып өю түскен.

Киіз үй есігі

Киіз үй есігі — киіз бетіне ши салып жасалған. Бетіне жіптерден шаршы тәрізді түрлі-түсті жіптерден өрнек тоқылған.

Сұр текемет

Сұр текемет – қоңыр киізден басылған бетіне сыңар үш шаршы салынып, ши мақпалдан мүйіз тәрізді ою басылып тігілген.

Гобелен «Юбилейный 1980 г.»

Көк түске боялған жүннен басып жасалған бетіне қызыл түстен сурет салған габелен кілемше. 1981 ж. тіркелген.

Текемет

Ақ киіздің бетіне қызыл, көк матадан сырып қошқар мүйіз өрнегі шаршы етіп түскен.

Тікпе текемет

Өнімнің негізі — үйде өңделген ақ түсті жүн. Орнаменттік композиция екі үлкен қызыл және көк плюш квадраттарының тікбұрышқа орналастырылуымен бейнеленген.

Тікпе текемет

Тікпе текемет – қара түсті жүннен басылған киіз. Түрлі-түсті жіптерден мүйіз тәрізді ою басылып тігілген.

Текемет.

Күлгін түсті киіз бетіне, қошқар мүйіз өрнегін салып сырып тіккен. 1988ж.

Текемет

Ақ түсті киіз бетіне қызыл, көк түстен өрнекті сырып тіккен. Жиегінде түрлі-түсті жіптен шашақ түскен. 1985 жылы Ақтөбе қаласынан К.К.Мусиевадан

Қалауыш

Киіз күлгін түсті. Бетіне шаршы етіп қызыл, жасыл түстерден ою-өрнекті сырып тіккен.

Scroll to Top