Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кілем-киіз бұйымдары

Кілемдер, киіз, кошма, текемет және басқа тоқылған және бітеу арқылы жасалған бұйымдар

Ши — циновка

Шидің бетіне түрлі-түсті жүн жіптерден күн бейнесін салып тоқыған.

Гобелен «Юбилейный 1980 г.»

Көк түске боялған жүннен басып жасалған бетіне қызыл түстен сурет салған габелен кілемше. 1981 ж. тіркелген.

Таңғыш

Киіз үйдің керегесін байлауға арналған.түрлі-түсті жіптерден өрнектеп жеңішке етіп тоқылған.

Текемет

Ақ киіздің бетіне қызыл, көк матадан сырып қошқар мүйіз өрнегі шаршы етіп түскен.

Тікпе текемет

Өнімнің негізі — үйде өңделген ақ түсті жүн. Орнаменттік композиция екі үлкен қызыл және көк плюш квадраттарының тікбұрышқа орналастырылуымен бейнеленген.

Тікпе текемет

Тікпе текемет – қара түсті жүннен басылған киіз. Түрлі-түсті жіптерден мүйіз тәрізді ою басылып тігілген.

Текемет.

Күлгін түсті киіз бетіне, қошқар мүйіз өрнегін салып сырып тіккен. 1988ж.

Текемет

Текемет — қой жүнінен басылған тұрмыстық бұйым.Текеметке жүннен ою салынған.

Текемет

Ақ түсті киіз бетіне қызыл, көк түстен өрнекті сырып тіккен. Жиегінде түрлі-түсті жіптен шашақ түскен. 1985 жылы Ақтөбе қаласынан К.К.Мусиевадан

Қалауыш

Киіз күлгін түсті. Бетіне шаршы етіп қызыл, жасыл түстерден ою-өрнекті сырып тіккен.

Scroll to Top