Түкті кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызылорда облысы. Көліне төрт «самауыргүл» өрнегі терілген, төрт суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Самауыргүл өрнегінің ішіне «шаршы», «сыңармүйіз», «қосмүйіз» өрнектері салынған. Қолтықшаларына жасыл, қара түсті «сыңармүйіз» өрнегі үшкілдене өрнектелген. Кілемнің жиегіне айналдырыла иттабан, қазмойын өрнектерінен төрт қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына «төртқұлақ», «тұмарша» өрнектері салынған. Кенересі айнала түксіз тоқылып, екі шетіне түрлі түсті жіптен шашақ шығарылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ в.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
195х250 см
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары