Арабы кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызылорда облысы. Бетіне әр түрлі көлемдегі (жіңішке, жалпақ) жолақтар мен түрлі өрнектер салынған, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Жалпақ жолақтарға сары, сұр, қара түсті тік су жүргізіліп, онын екі шетінде түрлі түспен (сары, жасыл, кара, ақ) «алабас» өрнегі, келесі жолақтарда «өрмекші» өрнектері салынған. Араларындағы сумен ажыратылған жіңішке жолақтарға «қазмойын», «алақұрт», «балықкөз» өрнек тоқылған. Кілемнің екі жанына көлденеңінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына қызыл, сары, ақ, жасыл түсті шаршы, «керегекөз» өрнегі тізбектелген. Ұзына бойы екі кенересі қоңыр түсті жүн жіптен тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары
Материал:
Жүн
Тақырып:
Кілем-киіз бұйымдары
Сақталу жағдайы
Түсі оңған