Мадақтама
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Көкшетау» газетінің бөлім меңгерушісі Ерғалиев Жабал Ерғалиұлына Баспасөз күніне орай денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастырудың өзекті мәселелерін халық арасында насихаттауға белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы. 1990 жылғы 5 мамырдағы куәлік облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.С. Өтепов, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы Қ.М. Жұманов және Қазақ КСР Көкшетау облыстық денсаулық сақтау басқармасының, медицина қызметкерлері кәсіподағының Көкшетау облыстық комитетінің дөңгелек мөрлерімен марапатталды. Куәлік екі парақ қалың қағазда, типографиялық әдіспен жасалады.Куәлік мұқабасы жылтыр ақ түсті, жоғарғы жағында В.И.Ленинің профильдік суреті орналастырылған төменде «Құрмет грамотасы» деген жазу бар.