Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Күмістелген қамшы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қамшы былғарыдан өрім өріліп, сабы тобылғыдан жасалып қара ала бедерлі және сіркелеу өрнектері бар күміс пластинкамен қапталған. Күміс пластинкаға «1945» саны, «Ж.М.» әріптері жазылған. Сабының ортасы барқыт матамен оралып жыланбауырланып күміспен көркемделген. Қамшыны шебер Сәрсенғали Шеркешбаев (1885 жылы туған) 1945 жылы жасап, Жаңбырбаев Маралға сыйға берген.
Мерзімі: 1945 ж.
Материалы: былғары, тобылғы, күміс, барқыт.
Техникасы: өру, қалыптау, қашау, зерлеу, күмістеу, барқытпен қаптау.
Өлшемі: 150 × 4 см, сабының (тұтқасының) ұзындығы - 46,5 см.

Мерзімделу кезеңі: 1945 г.
Материал: Ағаш, Былғары, Күміс
Техника: Гравюра, Зерлеу, сіркелеу, Қалыптау, Қырнау, түртпе, Өру
Өлшемі: 150 × 4 см, длина рукояти - 46,5 см.
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top