Белдік.
Описание
Былғарыдан жасалып, екі жағы астыңғы жағына қайырыла түйістіріліп, таспамен тігілген. Сыртқы бетіне үшбұрыш пішінді, бұрыштары домалақталған 16 шытыра жұпталып, 8 жерге бірдей арақашықтықпен орнатылған. Ілгегі бар қапсырмадан орта тұсқа қарай 19 см жерде жалпақтығы 3 см, ұзындығы 9 см болатын былғары бау бекітілген. Ақ түсті металдан жасалған ілгек бас қапсырмасы белдікке бес жерден шегеленіп, жиегі ойықталып, бетіне қос қатар түзу сызық жүргізілген. Белдікті тағуға арналған сегіз тесік салынған. Белдіктің жалпы ұзындығы–148 см, жалпақтығы–5 см. Қапсырмасының ұзындығы–8 см, жалпақтығы–4,5 см.
Состояние сохранности
Кожа изношена.