Қақпан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қатты темірден соғылып жасалған аң аулауға арналған аңшылық құрал. Бір жағынан салынған серіппесі бар қақпанның аузының диаметрі-19 см, серіппесінің ұзындығы-25см, жалпақтығы-3,5см. Қақпан ауызы екі жаққа ашылып жабылатындай астыңғы дөңгелек теміріне бірдей арақашықтықта екі құлақ шегеленіп, қақпан ауызының екі жақ басы тесіліп, осы құлаққа ортасынан темір өткізіліп бекітілген. Қақпан ауызының жалпақтығы-2см.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Металл
Техника:
Құрастыру, Соғу
Өлшемі:
d-19 см, h-43 см
Санат:
Металл