Пышақ қынымен.
Описание
Пышақ қынымен—шеберлікпен жасалған, тұрмыстық әрі сәндік мәнге ие ұлттық бұйым. Жалпы ұзындығы 25 см болатын пышақтың ұшы үшкір, бір қырлы жүзі өткір әрі төзімді ақ металдан соғылған. Жетесі мен сабы тұтас ағаштан жасалып, сыртқы бөлігі ақ металмен қапталған. Сап бетіне шекіме әдісімен салынған ширатпа өрнек бұйымға көркемдік сипат беріп тұр. Сонымен қатар, пышақ сабында орнатылған ақ металдан жасалған дөңгелек сақинасы—тек әсемдік емес, сонымен бірге беріктік қызметін де атқарады.
Қын-толықтай ақ металдан жасалып, ішкі бөлігі пышаққа лайықталған ағашпен қапталған. Қын ұзындығы 19 см, сыртқы бетіне 9 см аралықта ойып салынған өрнек, қызыл түсті түгі бар матамен көмкерілуі оның көркемдік мәнін арттырып тұр. Екі жағынан орнатылған дөңес шытыралар мен белдікке ілуге арналған доғабасы бұйымды күнделікті қолдануға ыңғайлы әрі сәнді етеді.
Состояние сохранности
Без видимых повреждении