Елік сапты қамшы.
Описание
Қамшының сабы елік сирағынан, ал өрімі қайыстан жұмырланып өріліп жасалған. Қолға ұстайтын қамшытұтам бөлігі былғарымен қапталып, етек жағы шашақталған.Сабының жоғарғы орталық бөлігі тесіле отырып, оған қайыс таспадан бүлдірге бау тағылған. Қамшы өрімінің сапқа бекітілетін тұсы—қамшы бауыры—елік сирағына қайыс таспамен айналдыра буылып, мықтап байланған. Қара тұяғының үстіңгі жағынан астына қарай тесіп, қамшы бауын тұяқпен бірге тартып бекіткен.
Состояние сохранности
Без видимых повреждении