Айбалта.
Описание
Металдан жасалған. Жүзі жарты ай пішінінде дөңгеленіп, жалпақтығы 9 см, жүзінен шүйдесіне дейінгі ұзындығы—17 см. Ұңғыға орнатылатын тұсы 3 см қалыңдықта соғылған. Жүзінен ұңғысына қарай 9 см қашықтықтан кейін, 1 см аралықта екі қырынан 5 мм тереңдікте ойық жасалған. Шүйдесінің диаметрі 3 см дөңгелек формада, бетіне қазақы ою түсірілген.Айбалтаның екі жақ бетіне «қошқар мүйіз» тәрізді өрнектер жіңішке сызықпен нақышталып, айналасы төртбұрышты сызықтармен қоршалған. Жүзінің екі бетінде «Ұста Дәркембай Шоқпарұлы» деген төте жазумен есімі шекіліп жазылған.Ағаш сабының ұзындығы—75 см, қалыңдығы—1,5 см, жалпақтығы—3 см. Сабына 34 см ұзындықтағы, 2 см жалпақтықтағы ара жүзді темір қондырылған. Бұл темір сабының астыңғы жағына батырыла орнатылып, ұшы өрге қайтарылып, ілмек түрінде үшкірленген. Ара тістері балта ұңғысына қарай бағытталған
Состояние сохранности
Без видимых повреждении