Мәсі типтес былғары етік Орал қаласындағы Р.С. Землячка атындағы зауыт зертханасының мәліметтері бойынша бұзау терісінен жасалған. Тік тігіспен тігілген. Өлшеміне қарағанда әйел адамның етігі.
Мерзімі: Алтын Орда дәуірі, ХІҮ ғасырдың ортасы. Мокринский 1 қорымы, 7-қорған, 2-жерлеу орнынан табылған.
Қонышының ұзындығы: 37 см.
Табанының ұзындығы: 22 см.