Торсық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Иленген теріден жасалған торсық екі бөлек пішіліп, бір-біріне қаратылып, жиегіндегі қосылған жерлері бүріліп тігілген. Торсықтың ауыз жиегінің терісі тегістеліп кесіліп, аузына ағаштан тығын жасалған. Тығынның диаметрі 5 см. Торсық қабырғасының екі жақ бетіне бірдей теріге батырыла ою-өрнек басылған. Торсықтың сырты ескірген.Торсық аузының төменгі екі жағынан арнайы құлақ тігіліп, доғабас темірмен шегеленген. Осы темірге қайыстан бау тағылған.
Материал:
Былғары, Металл
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар