Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Белдік.

Описание

Қайыстан жасалып, жалпақтығы–3,5 см. Екі жақ жиегі ішке қарай қайырылып, түйістіріле жіңішке қайыс баумен тігілген. Астарына ұзына бойы бір қабат былғары төселіп, екі жиегі бойымен белдікке жіппен бекітілген.Сыртқы бетіне 2,5 см жалпақтықтағы, беті шекіме әдісімен өрнектелген, дөңестеу ақ металл әшекейлер біркелкі арақашықтықта шегеленіп орнатылған. Олардың аралықтарына ортасы тесілген, дөңгелек пішінді, тамшы тәрізді 20 шытыра орналастырылған.Ілгегі бар бас қапсырмасының ұзындығы–10 см, ені–2,5 см; бетіне араб әріптерімен жазулар түсірілген. Екінші жақ қапсырма–8,5×2,5 см, бетінде дөңгелек шекіме өрнектермен екі нүктеден шегеленіп бекітілген.Белдік бойында, ілгегі бар қапсырмадан 6 см төменде, белдік жалпақтығындай етіп жасалған 6 см ұзындықтағы доғабас бау шегеленіп, бетіне шекіме өрнек орнатылған. Белдікке ілгек ілетін аралықтар ретінде 7 см қашықтықпен үш тесік тесілген.

Состояние сохранности

Кожа изношена. Один из белых металлических гвоздей на поверхности сломан.

Scroll to Top