Тартпа.
Описание
Ат әбзелінің құрамына кіретін, ер-тоқымды орнықтыру мақсатында аттың бауырын орай тартылатын қайыс бұйым. Тартпа көлденеңінен ердің үстінен салынады. Жасалу материалы—қайыс, екі қабатталып жасалған: жалпақ қайыс ішке қарай қайырылып, жиегі бір-біріне түйістіріле тігілген.Тартпаның ұзындығы–60 см, ені–9 см. Екі басы дөңгелене кесілген. Әр басынан ортаға қарай, дөңгеленген ұш тұсына 8×8 см көлемде үшбұрышты ақ металл орнатылған. Металл пластиналар үш жағынан жез шегелермен шегеленіп бекітілген, ал олардың ортаңғы бетіне қазақы стильдегі екі бөлек ою салынған.
Состояние сохранности
Старый,кожа изношенная