Ағаш тұғырдың үстіне теріден жасалған қос өркешті түйе бейнесі орналастырылған. Түйенің денесі мен аяқтарының иілген пішіндері оның қозғалыста тұрғандай әсерін тудырады. Мүсіннің сыртқы беті символдық белгілермен, таңбалармен және дәстүрлі ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Түйе бейнесіне асық пен білезік тағылған, бұл композицияның мазмұндық мәнін арттырады.
Материалы: тері, мельхиор, мыс, ағаш, сүйек.
Мастер: Айыпкалиев Кенес Тунгышбаевич