Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тудың ұштығы.

Описание

Бұл ту ұштығы ағаш сапқа орнатылатын темірден жасалған арнайы белгі болып табылады. Тудың ұштығының екі жағы жарты ай тәрізденіп, ішкі жағы бір-біріне қарай біріктірілген. Ортаңғы бөлігінің диаметрі 1,5 см, ол тесіліп, сол тесікке тудың сабына киілетін темір, үстіңгі жағынан биіктігі 8 см болатын төрт қырлы ұшы үшкірленіп, бұралып бекітілген.Ту ұштығының екі жақ қапталына бірдей етіп қазақы ою-өрнектер батырыла салынған, бұл оның көркемдік және мәдени маңызын көрсетеді. Ту ұштығының жартыай тәрізді бөлігінің биіктігі 14 см, ал екі жағының жалпы енінің арақашықтығы 17,5 см. Ту ұштығының астыңғы бөлігінде, тудың ағашына киілетін жері сынған. Бұл оның бұрыннан қолданылып келгендігін және уақыт өте тозғанын білдіреді.

Состояние сохранности

Без видимых повреждении

Scroll to Top