Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шара тостағандарымен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Шара тостағандарымен. Сұйық сусын құюға арналған ағаш ыдыс. Ағашты шұңғыл етіп ойып жасалған. Ішкі тереңдігі-15 см, ішкі диаметрі-23 см. Қабырғасының қалыңдығы-1 см. Түбінің сыртқы диаметрі-17,5 см, биіктігі-2 см. Ыдыстың ауыз жиегінен 12 см төменнен бастап түбіне дейінгі аралығы біртіндеп сүйірленіп келеді. Сыртқы тік қабырғасына әр түрлі қазақы ою-өрнек пішініндегі ақ металдан жасалған элементтер шегеленіп бекітілген. Бұл элементтер ыдысқа көркемдік әрі этнографиялық сипат береді.Тостағандар-шарамен бірге қолданылатын, сусынды жеке ішіп-ұсынуға арналған шағын ыдыстар. Әр тостағанның ішкі диаметрі-11 см, ішкі тереңдігі-6 см, түбінің сыртқы диаметрі-11 см. Жалпы ішкі сыйымдылығы-4 литр.

Мерзімделу кезеңі: 1984 г
Материал: Ағаш, Металл
Техника: Оюлау, Пішіндеу, Соғу, Соғу, Тесу, оймалау
Өлшемі: большая чашка h-20 см, d венчика-26 см, дно d-17см, маленькая чашка h-6 см, d венчика-12см, дно d-11см
Санат: Ағаш
Scroll to Top