Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қорамса жебесімен.

Описание

Иленген теріден жасалған, садақ жебелерін салуға арналған қорамсақ. Қалың теріден тігіліп, сыртқы бетіне қазақы ою-өрнек батырыла түсірілген. Өрнектер қызғылт түске боялған, бояу қалдықтары сақталған. Оюлардың айналасына сәндік үшін ақ металдан жасалған ұзындығы 1 см, төртбұрышты, үсті дөңестеу 23 дана өрнек және олармен кезектесе орналасқан тамшы пішінді ақ металл бөлшектер шегеленіп бекітілген. Қорамсақтың сыртқы жиегіне жіңішке былғары жолақ үш өріммен өріліп, екі ұшы өрнекті ақ металлмен безендіріліп, жебе салатын ауыздың екі шетіне шегеленген. Астыңғы бөлігінен 33 см биіктікте орналасқан тесікке үш өрімді қайыс бау өткізілген, бұл қорамсақты асынып алып жүруге арналған. Жебенің жалпы ұзындығы–77 см. Ұшы екі жағынан жүзі бар, үшкірленіп соғылған, сауытбұзар ұшының ұзындығы–4,5 см. Адырнаға ілінетін артқы жағына ұзындығы 14 см болатын төрт жағынан құс қауырсыны бекітілген.

Состояние сохранности

Без видимых повреждении

Scroll to Top