Оқшантай.
Описание
Мылтық оқтарын алып жүруге арналған, қалың теріден тігілген оқшантай. Қазақтарда от қаруы кеңінен тараған XVIII ғасырдан бастап қолданысқа енген. Белдікке ілініп тағылатын, ішкі ені–19 см, биіктігі–12 см, астыңғы бөлігі дөңгелене тігілген. Аузын жабатын қақпағы да қалың теріден жасалып, ұзындығы қапшықтан 1 см артық, төменгі жиегі сүйірлене келген. Қақпағы ақ металдан жасалған шытыралармен безендірілген: жоғарғы екі шетінде–2, төменгі екі жиегінде–2, орталық сүйір шетінде–1 және ортасында диаметрі 3 см, жиегінде бедері бар дөңгелек ақ металл орнатылып, ортасы тесіліп, былғарыға шегеленген. Барлығы 11 дана ақ металл әшекей орнатылған. Жоғарғы бөлігінде белдікке ілуге арналған қайыс бауы бар.
Состояние сохранности
Кожа изношенная