Белдік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белдік. Былғарыдан жасалған белдік. Екі жақ жиегі ішкі бетке қарай қайырылып, жіппен тігіліп өңделген. Сыртқы бетіне ақ металдан жасалған, қазақы ою-өрнекпен әшекейленген түрлі пішінді элементтер ұзына бойына қатарластырыла шегеленіп бекітілген. Белдіктің екі шетінде ақ металдан жасалған қапсырма бар, шеттері иректеле жонылып, сәндік сипатта орындалған. Қапсырманың ұзындығы-10 см, ені-3,5 см. Қапсырма бетінде араб әріптерімен жазылған екі сөз бедерленген. Белдік ілгегі ілетін бөлігінде, арақашықтығы 12 см болатын 2 тесігі бар.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Илеу
Өлшемі:
длина ремня-1м 6 см, длина крючка на головке ремня-3см, ширина ремня-4см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар