Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қайыс белдік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Қазақ былғары белдігі» (ерлерге арналған). ХХ ғасыр.

Табиғи былғарыдан жасалып, күміс қапсырмалармен және жапсырмалармен безендірілген ерлер белдігі.

Қазақтың былғары белдігі - көбіне иленбеген теріден жасалатын, дәстүрлі киімнің белін бууға арналған бұйым. Сонымен қатар ол қажетті заттарды тағуға пайдаланылып, сәндік қызмет те атқарған. Белдіктің ерлерге және әйелдерге арналған түрлері болған.

Бұл көне зергерлік және сәндік-қолданбалы өнер бұйымын Нұра кентінің тұрғыны музей қорына тапсырған. Белдік 1917 жылы туған Орынтай атаның әкесі Қаңтарбай Қажыртыұлына тиесілі болған. Бұйым отбасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, отбасылық жәдігер ретінде сақталған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ.
Материал: Былғары, Металл
Техника: Бедерлеу, Илеу, Қалыптау
Өлшемі: ұзындығы-80 см.
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top