Жүген
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жүген - атты жетектеу немесе міну кезінде басын бұрып, тоқтату үшін қолданылатын басқа тағылатын әбзел. Ол тізгін, ауыздық, желке, жақбау, маңдайбау, сағалдырық сияқты бөліктерден тұрады. Қара былғарыдан жасалып, күміспен көмкерілген. Екі шеті темір шығыршықпен бекітілген. Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ